Қазақ боксшылары Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында сынға түсті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жарыстың алғашқы күні шаршы алаңға Сағындық Тоғамбай (90 кг) мен Элина Базарова (54 кг) шықты. Элина Базарова 1/16 финал кезеңінде өзбек спортшысы Нигина Уктамовамен кездесіп, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімі бойынша жеңілді. Үшінші раундта қазақ қызы нокдаунға түсіп қалды.
Ал Сағындық Тоғамбай болса, дәл осы кезеңде британдық ауыр салмақты Айзек Окомен жұдырықтасты. Бұл тартысты кездесудің нәтижесінде қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл турнир World Boxing ұйымының тарихындағы алғашқы ересектер арасындағы әлем чемпионаты.