Ұлы боксшылардың қатарында: Головкин өзіне қатысты қуанышты жаңалықты естіді

3 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Erick W. Rasco/Sports Illustrated via Getty Images

Екінші орта салмақтағы қазақ боксшысы Али Ахмедов Sarbaz Podcast жобасына берген сұхбатында бокс тарихындағы ең ұлы бес спортшының есімдерін атады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Оның тізіміне бұрынғы командаласы, Қазақстанның даңқты чемпионы Геннадий Головкин де кірді.

"Мұхаммед Әли, Геннадий Головкин, Мэнни Пакьяо, Флойд Мэйвезер және Шугар Рэй Леонард. Қайсысы бірінші, қайсысы екінші не үшінші деп нақтыламаймын, бірақ бұл – менің ТОП-5 тізімім", – деді Али Ахмедов.

Еске сала кетейік, Али Ахмедов бұған дейін АҚШ-та Геннадий Головкинмен бірге жаттығып, оның GGG Promotions промоутерлік компаниясы сапында сынға түскен.

Тэгтер:

Бокс Геннадий Головкин Али Ахмедов