Танымал әнші Толқын Забирова желідегі парақшасында қайғылы хабарды бөлісті.
Өнер иесі анасының бұл дүниеден өткенін айтып, жан тебірентерлік жазба жариялады.
"Анашым... Жұмағым... Өмір – сынақ, ештеңе мәңгі емес. Кішкентай ақ періштем менің, сен мәңгі менің жүрегімдесің! Біз сені жақсы көреміз, жаның жұмақтың төрінде шалқысын", – деп жазды Толқын Забирова.