Волейболшы Сабина Алтынбекова бұған дейін араб елінің клубында ойнаған болатын, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Енді ол қазақстандық спортқа қайта оралып, "Астана" волейбол клубымен келісімшартқа қол қойды. Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында клубтың формасындағы суретін жариялап, 2025-2026 маусымын елорда командасында өткізетінін жазды.
Еске сала кетейік, Сабина Алтынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында кәсіби спорттағы алғашқы қадамы мен кездескен қиындықтары туралы ой бөліскен еді.