«Барыс» хоккей клубы 2025/26 маусымына америкалық қорғаушы Райли Уолшпен келісімшартқа қол қойды. Жаңа келісім 2026 жылдың 31 мамырына дейін жарамды.
Уолш – 2017 жылы «Нью-Джерси Девилз» клубы драфтқа таңдаған ойыншы. Өз карьерасын түгелдей Солтүстік Америкада өткізген хоккейші соңғы маусымды AHL-дің «Онтарио Рейн» құрамында өткізді. Ол 72 ойында 32 (6 гол + 26 пас) ұпай жинап, команданың негізгі ойыншыларының бірі болды. Жалпы AHL-да 317 матчқа қатысып, 168 (42+126) ұпай иеленген.
Ойыншы жайлы қысқаша ақпарат:
- Туған жылы: 21 сәуір 1999 жыл
- Амплуасы: қорғаушы
- Бойы: 183 см
- Салмағы: 84 кг
- Қай қолмен ойнайды: оң қолмен