Алматылық "Қайраттың" 2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңындағы матчтарын қайда өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ережеге сәйкес, клуб жалпы кезеңге тек бір ғана стадионды тіркей алады және плей-офф кезеңіне дейін оны ауыстыруға құқығы жоқ.
Осылайша, "Қайрат" Алматыдағы Орталық стадионда ойнауды жалғастырады. Бұл ақпаратты УЕФА да растаған.
Дегенмен ерекше жағдайларда (алаң мен стадион жағдайы, қауіпсіздік, ұйымдастыру мәселелері және т.б.) УЕФА матчтарды басқа стадионға не басқа қалаға ауыстыру жөнінде шешім қабылдай алады.
Айта кетейік, "Қайрат" екі қысқы ойынды өз алаңында өткізеді:
- 9 желтоқсан күні «Олимпиакоспен»;
- 20 қаңтарда «Брюггемен».
УЕФА ережесіне сай матчтар ауа температурасы -15 градусқа дейін төмендесе де өтуі мүмкін. Өткен жылы "Челси" мен "Астана" Алматыда -9 градуста ойнаған. Алматылық стадиондағы алаң жылыту жүйесі қосымша артықшылық болып саналады.
"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы матч кестесі:
- 19 қыркүйек: "Спортинг" – "Қайрат" (00:00)
- 30 қыркүйек: "Қайрат" – "Реал" (21:45)
- 21 қазан: "Қайрат" – "Пафос" (21:45)
- 6 қараша: "Интер" – "Қайрат" (01:00)
- 26 қараша: "Копенгаген" – "Қайрат" (22:45)
- 9 желтоқсан: "Қайрат" – "Олимпиакос" (20:30)
- 20 қаңтар: "Қайрат" – "Брюгге" (20:30)
- 29 қаңтар: "Арсенал" – "Қайрат" (01:00).