Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваның енесі алғаш рет келіні туралы пікір білдірді.
"Келінім ең сұлу, көңілі өте ашық, ақжарқын, бәрімізді «мама» деп еркелетіп жүреді. Айгүлдей келінімнің барына шексіз қуаныштымын", – деді Ақжан Жайсанбаева "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында.
Сұхбат кезінде жүргізушілер Айгүл Иманбаеваға әріптесі Баян Алагөзова секілді 50 жасында сәбилі болу туралы сауал қойды.
"Бұйырған кетпейді. Күтіп жүрміз", – деп енесі де, келіні де бір ауыздан жауап берді.