"Үйіне шақырды, таңертең жалаңаш ояндым": ІТ маманы өзін бастығы зорлағанын айтты (ВИДЕО)

1 қыркүйек, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы мектептердің бірінде еңбек еткен бұрынғы қызметкер оқу орнының басшылығына қатысты ауыр мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның сөзінше, 2013 жылы №30 мектепке жұмысқа орналасқаннан кейін ұжымдық іс-шаралардың біріне қатысқан. Сол кештен кейін есінде тек дастархан басында отырғаны қалған, ал таңертең өзін жалаңаш күйде тапқанын айтады. Айтуынша, бас қосу мектеп директоры орынбасарының үйінде өткен.

Бұдан соң ол аталған орынбасардан қысым көріп, жасөспірім жастағы ер балаларды тауып беруге мәжбүр болғанын жеткізді.

Араға 12 жыл салып, бұрынғы қызметкер бұл жайтты ашық айтуға бел буған. Себебі сол кезде орынбасар қызметін атқарған адам қазір қаладағы басқа мектептің директоры болып отыр.

Тэгтер:

Атырау мектеп