Қазақстан УЕФА рейтингінде ел күтпеген нәтижеге қол жеткізді

31 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ru.uefa

Қазақстан УЕФА коэффициенттер кестесінде айтарлықтай алға жылжыды. Бұған алматылық "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы сенсациялық нәтижесі себеп болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ел чемпионының турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алуы Қазақстанға бірден бес саты жоғары көтерілуге мүмкіндік берді. Қазір Қазақстан 34-орынды иеленіп отыр. Бұл ретте ол келесі елдерді артта қалдырды:

Мұндай нәтиже биылғы маусымдағы УЕФА рейтингіндегі ең үлкен прогресс ретінде бағаланып отыр.

"Осылайша, "Кайраттың" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан алғашқы қадамы тек қана қазақстандық футбол тарихына енген жоқ, сонымен бірге елдің Еуропадағы беделін де айтарлықтай нығайтты", – дейді спорт сарапшылары.

Тэгтер:

Қайрат Қазақстан УЕФА Чемпиондар лигасы