Болгария астанасы Софияда кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатының соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қазақстан құрамасы әлемдік біріншіліктің командалық сайысының ширек финалында Өзбекстанмен кездесті. Айта кетейік, осы жарыстың жалпыкомандалық медальдық есебінде Өзбекстан алда келеді.
Белдесу нәтижелері:
- 63 кг дейін: Азима Серік (Қазақстан) Зухражон Умарованы жеңіп, есепті 1:0 етті.
- 81 кг дейін: Мырзатай Қыдырбай Иномжон Баходировтан (жекелей сында чемпион атанған) ұтылып қалды – 1:1.
- 63 кг жоғары: Гүлсезім Тұрлыбек Зарина Бобоназароваға жол берді – 1:2.
- 81 кг жоғары: Әділжан Жәудінов Алибек Дурдиевке есе жіберді – 1:3.
- 48 кг дейін: Әсем Русланова жеңіске жетіп, есепті қысқартты – 2:3.
- Келесі белдесуде Бақдәулет Қабдешов Хушнудбек Бурхоновты жеңіп, таразы басын теңестірді – 3:3.
Шешуші сәт – Golden Score жүйесінде өтті. 63 кг салмақта тағы да Азима Серік пен Зухражон Умарова кездесті. Бұл жолы жеңіс өзбек спортшысына берілді.
Осылайша, Өзбекстан жартылай финалға шықты. Қазақстан құрамасы болса, командалық біріншілікте қола медаль үшін күресуге мүмкіндік сақтап отыр.