Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов өз еркімен қызметінен босатылды.
Берденов бұл лауазымды 2025 жылдың ақпан айынан бері атқарып келген. Оған дейін, 2023 жылдың наурызынан бастап ҚР Парламенті VIII шақырылымының депутаты болып, Қаржы және бюджет комитетінде жұмыс істеген еді.
Осылайша, оның әкім орынбасары ретіндегі қызмет жолы жарты жылға да жетпей аяқталды.