"Маған ұнамады": Оразалы Досбосыновтың ұлы әкесі үшін сұқбат беруден бас тартты (ВИДЕО)

"Маған ұнамады": Оразалы Досбосыновтың ұлы әкесі үшін сұқбат беруден бас тартты (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың ұлы желіде тосын мәлімдеме жасады.

Марқұм ақынның ұлы Нұрсұлтан Instagram желісіндегі ресми парақшасында видео жариялады. Бастапқыда жариялаған видеода ол "Қазақстан" ұлттық арнасына сұқбат беруге бара жатқанын айтты. Бірақ кейіннен жариялаған видеода "сұрақтар ұнамай қалғанын, әкесі үшін жауап бермейтінін" айтты.

"Қайырлы таң, достар! Бүгін біз "Қазақстан" телеарнасының "Таңшолпан" бағдарламасын сұқбат беруге бардым. Маған сұрақтар ұнамады. Жауап бергім келмеді. Сөйтіп, қайтып кеттім. Барлық нәрсе кез келген адамға ұнай бермейді. Маған қойылған сұрақтар менің көңілімнен шықпады. Егер мен жауап беретін болсам, сол жердегілердің көңілінен шықпайтын еді", – деп жауап берді Нұрсұлтан Досбосынов.