Астаналық блогер, Қайрат Нұртастың інісінің жары Айгерім Сәркенова әлеуметтік желі қолданушыларының қатты сынына ұшырады, деп жазады ozgeris.info.
Instagram парақшасына қалдырылған пікірлердің көбі Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты болды. Желі қолданушылары Айгерімнің Жұлдыз босанған кезде жанынан табылмағанын «салт-дәстүрге қарсы әрекет» деп бағалап, «абысындық парызын орындамады» деп айыптады.
Кейбір пікір иелері: «Астанада тұрып абысыныңа баруға жарамаған, енеңнің жалпылдағы. Жұлдыз төрт баланы жалғыз бағып отыр, ол – ақылды да көрікті азаматша», – десе, енді бірі: «Жұлдызға бармадың ба босанғанда, ұятсыз», – деп жазған.
Бұл оқиға желіде үлкен талқы туғызып, әйелдер арасындағы «жұбайлық пен абысындық» тақырыбын қайта көтерді. Бір бөлігі Айгерімді сынауға болмайды, оның жеке өмірі өзіне ғана тиесілі десе, екінші тарап Жұлдыздың төзімі мен еңбегін жоғары бағалап, оны үлгі ретінде көрсетті.
Жағдай қазақ қоғамындағы дәстүр мен қазіргі көзқарастың қақтығысын айқын аңғартты: біреулер «жеке өмір – жеке мәселе» десе, өзгелері «салт-дәстүрді сақтау – парыз» деген пікірде.