"Бостандыққа шығарады": Айнұр Тұрсынбаеваның жас күйеуі "Дикий Арман" туралы шындықты айтты (ФОТО)

"Бостандыққа шығарады": Айнұр Тұрсынбаеваның жас күйеуі "Дикий Арман" туралы шындықты айтты (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның жолдасы Нұржан Иманалиев жаңа жазба жариялады.

Нұржан Иманалиев Instagram желісіндегі ресми парақшасында досы Арман Жұмагелдиевті туған күнімен құттықтап, тілегін білдірді.

"Арман досым, туған күнің құтты болсын! Аллаh саған сабыр беріп, бостандықтың есігін ашсын. Бауырым, сен тордағы арыстандай болсаң да, мықтылығыңды білемін. Сен бәріне төтеп беретін қайсарсың. Қазақтың маңдайына біткен армансың. Аллаhқа еш нәрсе қиын емес. Ол қалаған күні сені бостандыққа шығарады. Бұған сен де, мен де сенем досым! Әрдайым есте сақта: қандай жағдайға тап болсаң да, оны саған Алла таңдады, бұл – сенің жолың, тағдырың. Мұңайма, шағымданба, үмітіңді үзбе. Өйткені Алла бәрін жақсы біледі, егер кешіксе де, саған ең жақсысын береді. Барлығы үшін шүкір ет", – деп жазды Нұржан Иманалиев.