"Астарлы ақиқат" бағдарламасының жүргізушісі Асхат Садырбайдың бұрынғы енесі әлеуметтік желіде пікір білдірді, деп хабарлайды Democrat.kz.
"Қызымның сотта жүргені менің жүрегімді езді. Ана ретінде үнсіз қарап тұра алмадым. Асхаттың қайта-қайта сотқа сүйреп, баланың несібесін қиып жүргеніне төзе алмадым. Қызымның жазығы не? Анасы ретінде шыдап отыра алмаймын. Осы уақыттың бәрі – баланың тәрбиесінен, ананың тыныштығынан ұрланған уақыт. Мен бәрін көріп отырмын. Әділетсіздікке төзу мүмкін емес. Қызымды қайта-қайта сотқа сүйреуіңді доғар! Шындық бәрібір ашылады! Асхат – қызымды әуре-сарсаңға салып, сотпен қинағаны үшін жауапты болады! Қолдау білдіріп отырған жандарға рақмет", – деді Айғаным Болаттың анасы.