Софияда (Болгария) өтіп жатқан кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан үш спортшы финалдық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ернұр Батырғали жартылай финалда Өзбекстан спортшысы Дильшод Каримовты жеңіп, финалға өтті. Шешуші белдесуде ол Тәжікстаннан келген Лоик Кудбудиновпен кездеседі.
66 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедәлі Жылқайдар да алтын үшін күреседі. Ол жартылай финалда ресейлік Муслим Котиевтен басым түсіп, финалда тағы бір Ресей спортшысы Рахим Хамхоевпен кездеседі.
Осы салмақ дәрежесінде қола медаль үшін Ролан Қайырғали бақ сынайды. Оның қарсыласы – Канада спортшысы Анес Мати.