Хорватияның Загреб қаласындағы әлем чемпионатының басталуына 16 күн қалды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл додаға қатысушылар қатарында тегі қазақ екі спортшы бар. Алайда олар халықаралық аренада мүлде басқа мемлекеттердің намысын қорғайды. Олар – 27 жастағы еркін күрес шебері Әбусайман Хабила (Қытай, 97 кг) мен 40 жастағы грек-рим күресінің өкілі Марат Гарипов (Бразилия, 60 кг).
Әбусайман Хабила туралы деректер:
- Туған күні: 1998 жылдың 1 маусымы
- Туған жері: Дүрбілжің, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы
- Азаматтығы: Қытай
2023 жылы өткен Азия чемпионатында күміс медаль еншілесе, 2025 жылғы додада қола жүлдені иеленді. 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанған. Сондай-ақ Париж Олимпиадасына қатысып, 11-орынға табан тіреген. Әлемдік рейтингтегі орны – 13-орын (19 575 ұпай).
Марат Гарипов туралы деректер
- Туған күні: 1984 жылдың 17 қыркүйегі
- Туған жері: Тараз
- Азаматтығы: Бразилия (2016 жылдан бастап)
2001 жылы өткен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдені қанжығасына байлаған. 2018 және 2021 жылдары Панамерика чемпионатында қола медальді еншілеген. Әлемдік рейтингтегі орны – 29-орын (10 038 ұпай).