Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті қызметіне Нартай Аралбайұлы Сәрсенғалиев тағайындалды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл орын 2023 жылдан бері федерация президенті лауазымын атқарған Айдос Зиядұлы Мұқатаевтың қызметтен кетуіне байланысты босап қалған болатын.
Федерацияның ресми хабарламасында жаңа басшыға зор сенім артылатыны атап өтілді.
"Сіздің бұл мәртебелі қызметке келуіңіз – еліміздегі спорт саласының жүйелі дамуына, халықаралық стандарттарға сай ілгерілеуіне тың серпін беретініне нық сенім білдіреміз", – делінген құттықтауда.
Нартай Сәрсенғалиев туралы қысқаша мәлімет
- Туған жылы, жері: 15 маусым 1991 жыл, Бөкей ордасы ауданы, Батыс Қазақстан облысы.
- Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
- 2010 жылдан бастап телеарна саласында еңбек еткен. "Алматы" телеарнасында тілші, кейін КТК арнасында бас тілші қызметін атқарды.
- "Ел Арна", "Qazaqstan" телеарналарында бірнеше бағдарлама жүргізді.
- 2015-2016 жж. Алматы қаласындағы Оқушылар сарайы директорының бірінші орынбасары болды.
- 2022 жылы "1001 түн" бағдарламасын жүргізген.
Саяси қызметі: 2023 жылдың 28 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. "Аманат" партиясының мүшесі.