Алдағы уақытта Алматыда өтетін "Қайрат" футбол клубының төрт ойыны Қазақстан экономикасына шамамен 3 миллиард теңге кіріс түсіреді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Kazakh Tourism" мәліметінше, кездесулерге 4 мыңнан астам шетелдік жанкүйер келеді деп күтілуде. UEFA ережесіне сай, әр ойынға арналған стадион орындарының 5%-ы қонақтарға беріледі. Бұл әр матчта шамамен мыңға жуық шетелдік жанкүйер болады деген сөз.
Орташа есеппен алғанда, әрбір турист Қазақстандағы сапары барысында 1 400 АҚШ долларын жұмсайды. Нәтижесінде туризм, қонақүй бизнесі, мейрамханалар мен көлік қызметтері айтарлықтай табысқа кенелмек.
Айта кетейік, алматылық «Қайрат» алғаш рет UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.