Қазақ дзюдошысы әлем чемпионатының финалына шығуы үшін өзбек спортшысымен белдеседі

27 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ijf.org. Суретте: Арман Мұса

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Арман Мұса әлем чемпионатында жетістікке жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қазақстан құрамасы кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жетістікке жетті. Қазақ дзюдошысы Арман Мұса 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үш белдесуді мерзімінен бұрын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ол тайпейлік, америкалық және әзербайжандық қарсыстарын тізе бүктірді.

Финалға шығу үшін Алматы облысының өкілі енді өзбек дзюдошысымен белдесетін болады.

Тэгтер:

Әлем чемпионаты дзюдо Арман Мұса