"Реал Мадрид" Алматыға келеді: "Қайрат" клубы күзде кіммен ойнайды?

Бүгін, 10:14 / Admin
James Gill - Danehouse/Getty Images. Суретте: Килиан Мбаппе

"Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Бұл – Қазақстан футболы үшін тарихи оқиға. Демек, енді Еуропаның ең мықты командалары Алматыға ат басын тірейді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жеребе тарту рәсімі ертең, 28 тамызда өтеді. Дәл осы күні "Қайрат" жалпы кезеңдегі қарсыластарын біледі.

Алматылық клуб жеребеде төртінші себетке түседі. Бұл – оның Еуропаның алпауыт клубтарымен бір топқа шығатынын білдіреді.

Яғни «Қайрат» міндетті түрде Еуропаның грандтарымен кездеседі.

Жаңа форматқа сәйкес, Чемпиондар лигасында 36 команда бір кестеде өнер көрсетеді. Бірақ жеребе алдында клубтар дәстүрлі түрде төрт себетке бөлінеді. Әр команда әр себеттен екі қарсыласпен ойнайды: бір матч – өз алаңында, бір матч – сырт алаңда.

Тэгтер:

Реал Мадрид футбол Чемпиондар лигасы Қайра жеребе тарту