"Қайраттың тоқалы – Қазалының қызы": Гүлзира Айдарбекова ұлы туралы ел естімеген шындықты айтты

"Қайраттың тоқалы – Қазалының қызы": Гүлзира Айдарбекова ұлы туралы ел естімеген шындықты айтты

фото: ашық дереккөзден

Белгілі продюсер әрі әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады.

Әлеуметтік желіде тараған пікірлердің бірінде: "Қайратттың екінші отбасы бар. Қызылорда облысы, Қазалы ауданының қызы. 2022 жылы үйленді" деген жазба жарияланды. Бұл сөздер әншінің жеке өміріне қатысты қауесетті одан әрі өршітіп, көпшіліктің қызу талқысына себеп болды. Алайда жазба иесі ешқандай дәлел келтірмеген.

Продюсер Гүлзира Айдарбекова бұл айыптауға дереу жауап беріп, жалған ақпарат үшін заң алдында жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

"Осы сөзіңіз үшін жауап бересіз. Бәрін дәлелдейсіз. Осындай жала жапқаның үшін сотқа беремін. Дайын бол. Фейк аккаунтты да табу қиын емес", – деп жазды продюсер.