"Ешкім мән бермейтін": Әлем чемпионы атанған боксшымыз бар шындықты жайып салды

26 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Бекзад Нұрдәулетов

Әлем және Азия чемпионы, белгілі боксшы Бекзад Нұрдәулетов журналист Ақырыс Сейтқазыға берген сұхбатында төрешілердің әділдігіне қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Оның айтуынша, төрешілер мәселесі бұрыннан бар және бұл тақырып Токио Олимпиадасынан бері жиі айтылып келеді.

"Қазір төрешілікте мәселе бар, ол көп айтылуда. Біз мұны Токио Олимпиадасынан бастап айттық, бірақ ешкім мән бермейтін. Сол уақытта сол мәселеге мән берілмеген соң, Парижде де бұл жағдай қайталанды. Енді алдағы Лос-Анджелес Олимпиадасында бұл жағдай жойылса екен деп тілеймін. Төрешілердің бүйрек бұратынына енді назар аударылып жатыр.
Негізі, біздің қазақ боксшысы жекпе-жекте жеңіліп, бірақ төрешілер жеңісті алып берді деген жағдай мүлде болмаған. "Біздің бала ұтылып тұр еді, бірақ төрешілер болысты", – деген әңгімені естігенім жоқ. Керісінше, ұтып тұрған жекпе-жекті қарсыласқа бере салатын сәттер көп.
Біз үшін мұндай жеңіс керек емес. Біз жеңсек, таза, әділ жеңеміз. Өзің де келесі жолы абыроймен жүру үшін керек бұл. Қазақ  боксшыларын төрешілер ешқашан сүйреген жоқ", – деді Нұрдәулетов.

Айта кетсек, Бекзад Нұрдәулетов алдағы Ливерпульде өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

Тэгтер:

Бокс Әлем чемпионаты Бекзад Нұрдәулетов