Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде "Селтикке" қарсы жауапты ойынға бірқатар негізгі ойыншыларсыз шығуы мүмкін, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бразилиялық шабуылшы Эдмилсон жаттығу кезінде жарақат алып, матчқа қатысу ықтималдығы төмендеді. Сондықтан шабуыл шебінде бапкер Рафаэль Уразбахтин, шамасы, Рикардиньо мен 18 жастағы жас футболшы Рамазан Бағдатқа сенім артады.
Ал қорғаушы Луиш Мата жарақатына қарамастан алаңға шығуға дайын. Ол дәрігерлердің көмегімен ойнауға шешім қабылдаған, алайда ойынға ауырсынуды басатын дәрілер арқылы қатысуға мәжбүр болады.
Бұған дейін "Қайрат" Александр Заруцкий мен Гиорги Зариядан айырылған болатын, ал Дастан Сәтпаев дисквалификацияға байланысты матчты өткізіп алады.
Еске сала кетейік, "Селтикке" қарсы жауапты ойын бүгін Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді. Қазастан уақыты бойынша сағат 21:45-те басталады.