Шұғыл! Бестеректе 6 баланы қаққан жүргізушіге қатысты тың дерек шықты

Шұғыл! Бестеректе 6 баланы қаққан жүргізушіге қатысты тың дерек шықты

фото: видеодан скриншот

Абай облысының Бестерек ауылында 6 баланы қағып кеткен жүргізуші жайлы тың ақпарат белгілі болды. 55 жастағы ер адам он жыл бойы эпилепсия диагнозымен есепте тұрған.

Үржар аудандық сотының шешімімен күдікті көлік жүргізу құқығынан айырылды. Дегенмен, күрделі диагнозы бар азаматтың жүргізуші куәлігін қалай алғаны әзірге беймәлім болып отыр.

"Үржар аудандық соты Аңсабаевқа қатысты істі заң шеңберінде қарап, оның көлік құралын басқару құқығын тоқтатты. Ол кісінің диагнозы бар. G 40.3 – эпилепсия синдромы. Бүгінгі күні ол кісі D есебінде тұрады", – деді Үржар аудандық сотының төрағасы Шынар Оспанова.