Қайрат Нұртастың шаңырағында тағы бір оқиға болды: Інісі мен келіні елден жасырған құпияларын ашты

26 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың отбасында тағы бір қуанышты оқиға орын алды.

Әншінің туған інісі Заңғар Нұртас жұбайы Индира Мәуленовамен бірге көпшілікті қуантқан жаңалықты бөлісті. Жұп Instagram-да бірлескен жазба жариялап, жақын арада ата-ана атанатындарын жеткізді.

"Бақытты отбасымыз тағы бір жүрек соғысымен толықпақ", – деп жазды ерлі-зайыптылар.

Айта кетейік, бұл – Заңғар Нұртастың екінші некесі. Ол мен Индира 9 жыл бойы бірге болып, 2022 жылы ресми түрде шаңырақ көтерген еді. Алайда бір жыл өтпей-ақ, жас жұбайлар ажырасқандары белгілі болған.

Тэгтер:

Қайрат Нұртас Заңғар Нұртас Индира Мәуленова