УЕФА Чемпиондар лигасы: "Қайрат" – "Селтик" матчын қайдан көруге болады?

26 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Craig Williamson/SNS Group via Getty Images

Бүгін, 26 тамызда Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі жауапты кездесу өтеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұл ойында "Қайрат" шотландиялық "Селтикке" қарсы алаңға шығады. Жауапты матчтың тікелей көрсетілімі сағат 21:45-те (Астана уақытымен) басталады. Ойынды "Qazsport" арнасынан тамашалауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы матч Шотландияның Глазго қаласында өтіп, "Қайрат" пен "Селтик" жеңімпазды анықтай алмады – 0:0.

Алматылық клуб іріктеу кезеңінде бірқатар қарсыластарынан басым түсті:

Айта кетейік, егер "Қайрат" "Селтиктен" басым түссе, алғаш рет тарихында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетеді. Ал жеңіліс тапқан жағдайда Еуропа лигасының жалпы кезеңіне жолдама алады.

Тэгтер:

футбол Қайрат УЕФА Чемпиондар лигасы Селтик Қайрат-Селтик