"Тұрмысқа шыққым келеді": Баян Алагөзова жұрт алдында екінші күйеуіне арманын айтты

"Тұрмысқа шыққым келеді": Баян Алагөзова жұрт алдында екінші күйеуіне арманын айтты

фото: видеодан скриншот

Күні кеше Алматыда белгілі продюсер Баян Алагөзова мен кәсіпкер Тұрсын Алагөзов қыздары Алма мен Алисаның тұсаукесерін қазақы дәстүрмен атап өтті, деп хабарлайды Qazaq Today.

Шараға өнер адамдары мен жақын достары жиналып, қуаныш иелеріне құттықтауларын жеткізді. Той барысында Баян Алагөзова әріптестеріне алғыс айтып, көпшілікті тағы бір қуанышты жаңалықпен құлақтандырды.

Әнші Мадина Сәдуақасова өзінің әлеуметтік желісінде бұл сәттен бейнематериал жариялап, Алагөзовтердің келер жылы үлкен той жасауды жоспарлап отырғанын айтты.

Сөз сөйлеген Баян Алагөзова мерекені жақсы көретінін, әркез көңіл-күйдің көтеріңкі болғанын қалайтынын айтып, жұртшылықты күлкіге қарық қылды. Ол келесі жылы Тұрсын Алагөзовпен бірге тұрғанына 10 жыл толатынын еске салып, көпшіліктің алдында өз арманы жайлы әзілдей жеткізді:

"Мен той тойлап жүргенді жақсы көремін. Жаным үнемі мерекені қалап тұрады. Бүгін үйімізге барған соң таңертең тұра сала Тұрсынға "тағы да мерекелегім келіп тұр" деп еркелей аламын. Келесі жылы бірге тұрып жатқанымызға он жыл болады екен. Мен тұрмысқа шыққым келеді. Тұрсын маған адамша үйленген жоқ. Мен қыз жолдастармен бірге билеп көргім келеді", – деді ол.