"Қыз аңсаған жандарға жұғысты болсын": Мадина Сәдуақасова қуанышты жаңалығын бөлісті (ФОТО)

25 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден. Суретте: Мадина Сәдуақасова мен жолдасы, ұлы

Тұрсын мен Баян Алагөзовтердің кенже қыздарының тұсаукесер тойына қонақ болған әнші Мадина Сәдуақасова әсерлі жазбасын желіде жариялады.

Өнер иесі мерекелік кештің сән-салтанаты ерекше өткенін айтып, тойдан алған әсерімен бөлісті.

"Кішкентай Алиса мен Алманың алғашқы үлкен тойы. @theritzcarltonalmaty мейрамханасына кіріп қалғаннан гүлдердің  аңқыған хош иісі, өте көп гүл… Холлда да залдың ішінде де әдемі гүлдер… Қос Ханшайымның тойын по королевски , ертегідегідей, әдемі сценариймен , арнайы киімдер #dresscode , осы тойға арнайы жазылған музыка, әндер, қойылымдар… Ммм… өте өте әдемі, көңілді той", – деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Әнші шара барысында өткен байқауда iPhone 16 Pro Max ұтып алғанын да жасырмады.

Сондай-ақ, тойда тек Тұрсын мен Баян тілектерін айтып, бір-біріне деген сезімдерін жеткізгенін, келесі жылы олардың отау құрғанына 10 жыл толатынын атап өтті.

"Енді бәріміз, бұйырса, Тұрсын мен Баяшаның үйлену тойының 10 жылдығын бірге тойлаймыз. Қос кенже қыздарының алғашқы қадамы құтты болсын! Бақыттарыңыз баянды болсын! Қыз аңсаған жандарға жұғысты болсын", – деді Мадина Сәдуақасова.

Желі қолданушылары да әншінің бұл тілегіне қосылып, жылы лебіздерін қалдырды.

Тэгтер:

Баян Алагөзова үнсайд Мадина Сәдуақасова