фото: ашық дереккөзден
Әлеуметтік желіде продюсер Гүлзира Айдарбекованың жазбасы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Democrat.kz.
Ол өзінің жеке парақшасында тойдан түсірілген видеосын жариялағаннан кейін кейбір оқырмандардың пікірі ашуына тигенін айтты
Бейнежазбаның астына желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Олардың бірі "Қайраттың басқа отбасы бар" десе, енді бірі "алаяқсың, шампунім қайда?" деп жазған.
Осы жазбаларды көрген Гүлзира ханым шыдай алмай, пікір иелеріне қатаң ескерту жасап, заңды түрде жауапқа тартатынын ескертті.