Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қыркүйекте өтетін Уэльс пен Бельгияға қарсы кездесулерге шақырылған футболшылардың толық тізімін ұсынды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»).
Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – «Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Дамир Қасабулат («Қайрат»).
Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»).
Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанада басталады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйек айында екі ойын өткізеді:
- 4 қыркүйек – Астанада Уэльске қарсы матч;
- 7 қыркүйек – сырт алаңда Бельгия құрамасымен кездесу.
Екі матч та 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.
Уэльске қарсы ойын «Астана Аренада» сағат 19:00-де басталады.