"Оттан да, боқтан да өттік": Жұлдыз Әбдікәрімова енесі мен күйеуі туралы шындықты жайып салды

"Оттан да, боқтан да өттік": Жұлдыз Әбдікәрімова енесі мен күйеуі туралы шындықты жайып салды

фото: ашық дереккөзден

Жақында ғана бесінші перзентін дүниеге әкелген Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарымен ашық әңгімелесіп, сұрақтарына жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Әлеуметтік желі қолданушылары өнер иесіне жылы лебіздерін білдіріп, қолдау көрсетті.

"Өсекті тыңдап оған жан беретін жастан өтіп кеттік! Өз басым сіз үшін қуаныштымын. Біз мықтымыз! Мықтылар сөзге сынбайды! Күш алады. Жақсы тауып айтар, жаман қалып айтар,- демекші, айтқан ауыз айта берсін. Бақытты бол! Жақсы адамның атынан сөз ереді екен, ол да сіздің биіктігіңіз деп қабылдаңыз", – деп жазды оқырмандарының бірі.

Ал Жұлдыз Әбдікәрімова олардың пікірін толық құптады:

"Дөп түстіңіздер. Ондай жастан әлдеқашан өтіп кеттік. Оттан да, боқтан да, судан да, селден де, жоқтан да, бардан да, бәрі-бәрінен өткенге дым да қорқынышты емес", – деді ол.