фото: Alash.kz коллажы
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекованың ұлы Заңғар мен келіні Индира көпшілікпен қуанышты жаңалықтарын бөлісті.
Жас жұбайлар әлеуметтік желіде арнайы фотосессиясын жариялап, жақын арада сәби күтіп жүргендерін сүйіншіледі.
"Бақытты отбасымыз тағы бір жүрек соғысымен толықпақ!" – деп жазды ерлі-зайыптылар.
Олардың жазбасына желі қолданушылары жылы лебізін білдіріп, жас отбасы мен болашақ сәбиге ақ тілектерін жаудырды.