"Мұндай түріне үйрену қиын": Роза Рымбаеваға күрделі операция жасалды (ВИДЕО)

25 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Bairaqmedia.kz коллажы

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға қатысты әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас өрбіді, деп жазады bairaqmedia.kz.

Әншінің соңғы рет көпшілік алдына шыққандағы бейнесі жұрт назарын өзіне аударды.

Желіде тараған пікірлер екіге бөлінді. Бір тарап Рымбаеваның жасына қарамай күтініп, сымбатты қалпын сақтауға тырысқанын қолдаса, екінші тарап оның табиғи сұлулығына енгізілген өзгерістерді жақтыра қоймады.

“Алдыңғыдай әдемі емес”, “Ботокстан бетін тани алмай қалдық”, “Жасанды әсер беріп тұр”, “Өмір бойы сүйікті әншіміз болып келген соң мұндай түріне үйрену қиын” деген пікірлер айтылды.

Ал қолдау білдіргендер болса:

“Әркім өз қалауынша өмір сүреді”, “Өнер иесінің сахна үшін жас көрінуге талпынуы заңды құбылыс” деп жазып, әншіні жақтап шықты.

Тэгтер:

әнші Роза Рымбаева ота үнсайд