"Кек сақтамаймын, жүрегімде кешірім көп": Мөлдір Мұқанова ел естімеген әңгімесін ашып айтты (ФОТО)

"Кек сақтамаймын, жүрегімде кешірім көп": Мөлдір Мұқанова ел естімеген әңгімесін ашып айтты (ФОТО)

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Мөлдір Мұқанова

Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, елді елең еткізді.

Мөлдір Мұқанова Instagram желісіндегі ресми парақшасында кек сақтау, көпшіліктің өзіне деген көзқарасына қатысты жауап берді.

"Айналамдағылар неге саған жамандық жасағандарға үн қатпайсың деп сұрайды. Ал мен уақытымды өз деңгейімнен төмен түсіп, кек қайтаруға ысырап етпеймін. Мен үшін тыныштық ең үлкен жеңіс, сабыр сақтау нағыз биіктік. Себебі менің жүрегімде кек емес, кешірім көп", – деп жазды Мөлдір Мұқанова.