Қытай атынан сынға түскен қазақ жауынгері UFC-дегі алғашқы жеңісіне жетті

Бүгін, 19:20 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден. Суретте: Тайлақ Нұражы

Қытай атынан өнер көрсетіп жүрген этникалық қазақ Тайлақ Нұражы (11-1) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Тайлақ Нұражы өзінің дебютті жекпе-жегін Ирландия өкілі Кифер Кросбиға (10-5) қарсы UFC Fight Night 257 турнирінде өткізді. Жартылай орта салмақтағы кездесу үш раундқа жоспарланғанымен, қазақ файтері бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл Тайлақ Нұражы үшін кәсіби мансабындағы он екінші, ал UFC-дегі алғашқы жеңісі болды. Ал қарсыласы Кросби алтыншы рет октагоннан жеңіліп шықты (оның UFC-дегі көрсеткіші енді – 0-3).

Тэгтер:

Қытай UFC Fight Night 257 Тайлақ Нұражы