Қаралы хабар: Елге танымал әншінің отбасында қайғылы жағдай орын алды (ФОТО)

23 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Ресейлік белгілі әнші Татьяна Буланованың отбасында ауыр қаза болды – жұбайы Валерий Рудневтің әкесі дүниеден озды.

Өнер иесі марқұмды ерекше құрметпен еске алып, екеуінің арасында жылы да шынайы қарым-қатынас болғанын айтты.

Буланова бірнеше рет күйеуінің ата-анасын өзіне нағыз тірек, жанына жақын жандар ретінде атап өткен. Әншінің әкесі 1998 жылы, ал анасы 2017 жылы қайтыс болғаннан кейін, бұл қолдау оның өмірінде ерекше орын алғанын жасырмаған.

Әртістің сөзінше, қайыната мен қайынене әрдайым қамқорлық танытып, үлкен сүйіспеншілікпен көңіл бөлген. Көптеген сұхбаттарында ол олардың отбасындағы жарасымды қарым-қатынасын және қиын сәттерде әрдайым қолдау көрсетуге дайын тұратынын айтқан.

Айта кетейік, Татьяна Буланова 2023 жылдың 2 маусымында үшінші рет тұрмысқа шыққан. Оның жары – кәсіпкер Валерий Руднев, ол әншіден 19 жас кіші.

Тэгтер:

үнсайд қайғылы жағдай Татьяна Буланова