"Күйеу бала": Төрехан Сабырхан жеке өміріне қатысты шұғыл мәлімдеме жасады

Бүгін, 11:54 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Төрехан Сабырхан

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының белді мүшесі Төрехан Сабырханның желідегі видеосы жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

TikTok желісінде Инабат Алтайовна есімімен тіркелген қолданушы боксшы Төрехан Сабырхан туралы видеоны жариялады. Видеодан боксшының шай құйып отырғанын көруге болады. Видеоны осы сілтеме арқылы көрсеңіздер болады.

"Сызылып отыр ғой", – деп жазып кетті видеоны жариялаған қолданушы.

Осы видеоға желі қолданушылары да әзіл-қалжыңға толы пікірлерін қалдырған.

"Жаным сызылып отыр ғой", "Айналайын, күйеу бала болса", "Күйеу болатын жігіт екен, осыдан артығын таппаймын-ау", "Келін шай ма?", "Кішкентай болсаң да, саған ризамын. Ұра бер, інім", – деген сынды пікірлер көптеп жазылды.

Тэгтер:

Төрехан Сабырхан Бокс