Парижде елімізге алғашқы жүлдені сыйлаған спортшы Азияда топ жарды

Бүгін, 17:53 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Ислам Сәтпаев

Шымкентте өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Ислам Сәтпаев топ жарып, чемпион атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Олимпиаданың қола жүлдегері 10 метрлік пневматикалық винтовкадан ату бағдарламасында қарсыластарынан басым түсіп, финалда 250,1 ұпай жинады.

Күміс медаль 249,8 ұпаймен қытайлық Лу Динкэге бұйырса, үшінші орын 228,7 ұпай еншілеген оңтүстіккореялық Пак Хаджунға тиесілі болды.

Айта кетейік, Ислам Сәтпаев – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. Бұған дейін ол Мюнхенде өткен Әлем кубогының кезеңінде үздік он спортшының қатарына кірген еді.

Тэгтер:

жүлдегер Азия чемпионаты Ислам Сәтпаев Олипиада