Санжар Тәшкенбай әлем чемпионаты алдында батыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Бүгін, 13:42 / Ахмет Қанатұлы
t.me/olimpicgames_Kazteamfan. Суретте: Санжар Тәшкенбай

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Санжар Тәшкенбай алдағы әлем чемпионатына қарқынды дайындалып жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жас спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығу барысынан бейнежазба жариялап, оған "Дайындық жалғасып жатыр" деген қысқаша сипаттама қалдырды.

Желі қолданушылары Санжардың дайындығына жоғары баға беріп, пікірлер қалдырды. Олар боксшыға сәттілік тілеп, кейбірі тіпті оны әйгілі Пакиао мен Джервонта Дэвиске теңеді.

Еске сала кетейік, Ливерпульде (Ұлыбритания) өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын қазақстандық боксшылардың толық құрамы жарияланды. Бұл бәсекеде Санжар Тәшкенбай 50 кг дейінгі салмақта сынға түседі. Жарыс 4-14 қыркүйек аралығында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

Тэгтер:

Бокс Әлем чемпионаты Санжар Тәшкенбай