фото: ашық дереккөзден
Финляндия парламентінде 30 жастағы депутат Эмели Пелтоненнің қаза тапқаны белгілі болды.
Iltalehti басылымының мәліметінше, орын алған жағдайдың суицид екені айтылуда. Парламенттің қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Ааро Тойвонен бұл деректі Yle арнасына берген сұхбатында жоққа шығармай, тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, оқиға орнында қылмыс белгілері табылған жоқ. Қазір аймақта бірнеше полиция жасағы мен дәрігерлер қызмет атқарып жатыр.
Айта кетейік, Финляндия парламенті қазір жазғы үзілісте. Күзгі сессия 2 қыркүйекте басталмақ.