фото: ашық дереккөзден. Суретте: Роза Рымбаева
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева марқұм жары, танымал күйші әрі композитор Тасқын Оқаповты еске алып, ел алдында толқып жылап қалды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Әнші сүйікті жарынан айырылған сәтін жүрегінде әлі күнге дейін "ішімдегі жазылмайтын жара" деп қабылдайтынын айтты.
Ол қасіреттің қаншалықты ауыр екенін жеткізгенімен, балалардың көзінше өз сезімін білдірмеуге тырысатынын, аналық борышын бәрінен биік қойып, перзенттеріне қайсарлық пен сабырдың үлгісін көрсетуге күш салатынын атап өтті.
Роза Рымбаеваның жан сырын ақтарған бұл сөзі көпшіліктің жүрегін тебірентіп, өнер иесінің өмірлік ұстанымына тағы бір мәрте куә етті.