фото: sportinside.kz коллажы. Суретте: Қуат Хамитов, Екатерина Бивол, Дмитрий Бивол
ММА жауынгері Қуат Хамитов жартылай ауыр салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатеринаның сөзіне жауап берді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұған дейін ресейлік Екатерина Алматыға сапарынан кейінгі суретін жариялаған соң, қазақстандық жазылушылардан хейт алған еді. Сол жағдайға байланысты ол әлеуметтік желідегі сторисінде Қазақстан туралы балағат сөздер жазып, эмоцияға берілген.
Осы оқиғаға қатысты Қуат Хамитов Instagram-дағы kzsports парақшасында жарияланған жаңалықтың астына:
"Бивол дәл уақытында қашып кеткен екен одан" – деп жазып, смайлик қалдырды.
Айта кетейік, Дмитрий Бивол мен оның экс-жұбайы Екатеринаның екі ұлы бар – Мирон және Никон. 2023 жылдың маусымындан олар ресми түрде ажырасты. Содан бері тараптар бірнеше рет мемлекеттік органдарға бір-біріне қарсы арыз жазған.