Қазақстан әйелдер күресі құрамасының өкілі Анна Стратан Болгарияның Самоков қаласында өткен U20 әлем чемпионатында қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын иеленді.
Қола үшін белдесуде Стратан Швециядан келген Тиндра Дальмирді айқын басымдықпен жеңді. Қорытынды есеп – 9:1.
Қазақстан құрамасы Болгарияның Самоков қаласында өткен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы еркін күрестен әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреген болатын.