"Қайраттың" "Селтикке" қарсы ойыны ел күтпеген нәтижемен аяқталды

Бүгін, 01:58 / Ахмет Қанатұлы
"Қайрат" футбол клубы. Суретте: Валерий Громыко

Шотландияның Глазго қаласында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матч өтті. Бұл кездесуде жергілікті "Селтик" алматылық "Қайратқа" қарсы ойнады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұл ойында қос тарап та гол соға алмай, тең тарқасты. Айта кетейік, бұл ойында "Селтик" айқын фаворит саналды.

"Қайрат" алаңға келесі құраммен шықты: Заруцкий, Глэйзер, Мартынович, Сорокин, Мрынский, Арад, Громыко, Тапалов, Эдмилсон, Жоржиньо, Сатпаев.

Жауапты матч 26 тамыз күні Алматыда өтеді. Екінші матчта алаңға Дастан Сәтпаев шықпайды, себебі осы ойында ол сары қағаз алып қалды. Сары қағаздың көптігініен келесі ойынды өткізіп алады.

Бұған дейін "Қайрат" турнир барысында словениялық "Олимпияны" (қос матчтың қорытындысы бойынша – 3:1), финляндиялық "КуПС" клубын (3:2) және словакиялық "Слованды" (1:1, пенальти – 4:3) жарыстан шығарған болатын.

Егер алматылық клуб екі ойынның қорытындысы бойынша "Селтикті" жеңсе, онда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады.

Тэгтер:

футбол Қайрат Чемпиондар лигасы Селтик