Қазақстан құрамасы Болгарияның Самоков қаласында өткен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы еркін күрестен әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл жарыста қазақ балуандары бес медаль жеңіп алды:
- алтын – Едіге Қасымбек (125 кг);
- күміс – Камиль Куруглиев (92 кг);
- қола – Нұрданат Айтанов (57 кг), Досжан Құлғайып (74 кг), Самир Дурсунов (97 кг).
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 112 ұпай жинады. Бірінші орынды 185 ұпаймен АҚШ иеленсе, үшінші орындағы Иранды (111 ұпай) біздің спортшылар бір ұпайға басып озды.
Айта кетейік, бұл жарыстың жалпы есебіне Ресей құрамасы кірген жоқ.