"Селтик" – "Қайрат" матчының бірінші таймы сенсациямен аяқталды

Бүгін, 00:55 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден. Суретте: "Селтик" пен "Қайрат футбол клубының ойыншылары

Шотландияның Глазго қаласында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матч өтіп жатыр. Бұл кездесуде жергілікті "Селтик" алматылық "Қайратқа" қарсы ойнап жатыр, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Алғашқы таймда есеп ашылмады – 0:0. Айта кетейік, бұл ойында "Селтик" айқын фаворит саналады.

"Қайрат" алаңға келесі құраммен шықты: Заруцкий, Глэйзер, Мартынович, Сорокин, Мрынский, Арад, Громыко, Тапалов, Эдмилсон, Жоржиньо, Сатпаев.

Жауапты матч 26 тамыз күні Алматыда өтеді.

Бұған дейін "Қайрат" турнир барысында словениялық "Олимпияны" (қос матчтың қорытындысы бойынша – 3:1), финляндиялық "КуПС" клубын (3:2) және словакиялық "Слованды" (1:1, пенальти – 4:3) жарыстан шығарған болатын.

Егер алматылық клуб екі ойынның қорытындысы бойынша "Селтикті" жеңсе, онда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады.

Тэгтер:

футбол Қайрат УЕФА Чемпиондар лигасы Селтик