Балуандарымыз әлем чемпионатын үздік нәтижемен аяқтап, тарихты жаңартты

Бүгін, 14:37 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Едіге Қасымбек

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатындағы жорығын аяқтады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

20 жасқа дейін балуандар арасындағы еркін күрестен Қазақстан ерлер құрамасы Самоковтегі әлем чемпионатын (17-24 тамыз, Болгария) аяқтады.

Жарыс нәтижесі келесідей:

Жалпы медаль есебі тек түнде анықталмақ, бірақ Қазақстанның 2025 жылғы чемпионаттағы нәтижесі 2024 жылмен салыстырғанда айтарлықтай жақсарғаны белгілі. Биыл ұлттық құрама 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль еншілесе, ал өткен жылы 1 алтын, 1 қоланы қанжығасына байлаған.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан алтын еншілесе, Камиль Куруглиев қола медальді иеленді.

Тэгтер:

Әлем чемпионаты еркін күрес Едіге Қасымбек Камиль Куруглиев Самир Дурсунов Досжан Құлғайып Нұрданат Айтанов