фото: ашық дереккөзден. Суретте: Жұлдыз Әбдікәрімова мен Гүлзира Айдарбекова
Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Оған себеп – келіні, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың босанғанын құттықтап, ешқандай жазба қалдырмағаны, деп жазады ozgeris.info.
Белгілі болғандай, әнші Қайрат Нұртас бесінші рет әке атанып, қызды болды. Ал Жұлдыз Әбдікәрімова парақшасында "Жаңа тынысым" деп сүйінші сұраған.
Алайда жанкүйерлер Гүлзира Айдарбекованың бұл қуанышты оқиғаны жарияламағанына наразы болды.
"Әшейінде тамағына дейін салып отыратын еді, немересі дүниеге келгенде үнсіз қалды", "Немере көре алмай кеткен қаншама адамдар бар", "Қайрат пен Жұлдызды ажырастырған шешесі", "Бұл әулет Жұлдызды менсінбейді, сосын ол да бұларды керек етпейді", "Қайрат екеуі үнсіз отыр", "Ұрпақтарыңды көбейтіп жатыр", "Шампунь сатып, қолы тимей жатқан болар", – деп жазды көпшілік.