Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы продюсер Бағым Мұхитденоваға қатысты тосын пікір айтты.
Бағым Мұхитденова Instagram желісіндегі ресми парақшасында сторис жариялады. Видеода Жұбаныш Жексенұлымен, Толқын Забировамен бір жерде әңгіме-дүкен құрып отырғанын көруге болады. Осы әңгіме барысында Жұбаныш Жексенұлы Бағым Мұхитденоваға қарап, ерекше сөздерін арнады.
"Бағым, сені көрген кезде вокалға барғым келеді, музыкамен айналысқым келеді. Шынымен де Бағым – мотиватор. Түрінің өзі "оқыңдар" деп айқайлап тұр.